Тергеу алдындағы тексеру материалдарына жүгінсек, ауылдың екі мас тұрғыны жігітке дүрсе қоя беріп, оны соққыға жыққан. Шабуылшыларды тойтару үшін жігіт аңшы мылтығын бас салып, бір оқты ескерту үшін аспанға қаратып атса, соңынан әлгі екеуіне қаратып тағы да оқ атқан.
Жарақаттанған екі еркек Октябрь ауылдық ауруханасына жатқызылды. Қазір олар Қостанай облыстық ауруханасының жарақат бөлімінде жатыр. Дәрігерлер олардың жағдайын орташа ауыр деп бағалауда.
Облыстық ІІББ-ның баспасөз қызметінен хабарлағанындай, оқ атқан адамның үстінен қорғаныс шарасын шектен шығарып жібергені үшін қылмыстық іс қозғалды.