Ұлттық компаниялардың акциялары қоржынының бір бөлігін сату туралы шешім қараша айында қабылдануы мүмкін - ҚР қаржы министрлігі - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ұлттық компаниялардың акциялары қоржынының бір бөлігін сату туралы шешім қараша айында қабылдануы мүмкін - ҚР қаржы министрлігі

Ұлттық компаниялардың акциялары қоржынының бір бөлігін сату туралы шешім қараша айында қабылдануы мүмкін - ҚР қаржы министрлігі

Ұлттық компаниялардың акциялары қоржынының бір бөлігін сату туралы шешім қараша айында қабылдануы мүмкін. Бұл туралы бүгін, 5-тамызда Астанада өткен қысқаша баспасөз мәмслихатында ҚР қаржы министрі Арман Дунаев мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 5 Тамыз 2004
  • 393
Фото - Caravan.kz

А.Дунаевтың айтуынша, «қазір осынау концепциялық және әдістемелік тұрғыда күрделі мәселені комиссия қарап жатыр». «Комиссияның жұмыс қорытындысы туралы біз қараша айында ғана хабардар ете аламыз»,- деді А.Дунаев журналистерге.

Қаржы министрінің айтуынша, Ұлттық компаниялардың акциялары қоржынының бір бөлігін сату қажеттігі орта мерзімді фискалдық бағдарламаға сәйкес «республикалық бюджеттің тапшылығы жыл өткен сайын азая түсуі тиістігіне байланысты. Ал жаңадан қабылданған Бюджеттік кодекске сәйкес 2005-жылдың 1-қаңтарынан бастап Ұлттық қор бюджеттік жүйенің құрамды бөлігіне айналуы тиіс болғандықтан елімізде іс жүзінде бюджеттік профицит қалыптасқалы отыр». Министрдің түсініктемесіне жүгінсек, осыған байланысты бұған дейін бюджет тапшылығы мемлекеттік құнды қағаздар шығару арқылы қаржыландырылып келгендіктен бұдан былай «несие алу қажеттігі төмендейді». Ал зейнетақы қорлары қаржының басым бөлігін көбінесе мемлекеттік құнды қағаздарға жұмсап келгендіктен, жоғарыда аталған жағдай қорлардың қаржы орналастыру мүмкіндіктерін кеміте түспек.
А.Дунаевтың айтуынша, Ұлттық компаниялардың акциялары қоржынының бір бөлігін сату «нақты мақсатты емес активтерден құтылу» шаралары аясында да жүзеге асырылуы мүмкін.

Перейти к новостям спорта