Выборг кеме жасау зауытында "Астана" атты тұңғыш қазақстандық танкер суға жіберілді - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Выборг кеме жасау зауытында "Астана" атты тұңғыш қазақстандық танкер суға жіберілді

Выборг кеме жасау зауытында "Астана" атты тұңғыш қазақстандық танкер суға жіберілді

5-тамызда Ресейдің Выборг кеме жасау зауытында "Астана" атты тұңғыш қазақстандық танкер суға жіберілді. Танкер 50 проценттік акциясын "ҚазМұнайГаз", қалған 50 процентін ҚР көлік және коммуникация министрлігі иемденетін "Қазтеңізкөлікфлоты" Ұлттық теңіз кеме компаниясының тапсырысымен жасалды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне"Қазтеңізкөлікфлоты" Ұлттық теңіз кеме компаниясы" АҚ-ның баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 6 Тамыз 2004
  • 774
Фото - Caravan.kz

Алдағы уақытта зауытта танкерді жабдықтау жұмыстары жүргізіліп, кемені жүргізу және швартовка жасау мүмкіндіктері сынақтан өтеді. Қазақстандық тұңғыш танкерді жасау жұмыстары 2004-жылдың төртінші тоқсанында аяқталады.

Шикі мұнай тасымалдауға арналған «Астана» бас танкерінің жобасын Ресейдің «Вымпел» конструкторлық бюросы жасаған. Танкердің басты сипаттамалары мынадай: дедвейті (жүк көтерімділігі) — 12000 тонна, ұзындығы — 149 метр, ені — 17,3 метр, жылдамдығы — 10 узел. Бұл Выборг зауытында жасатуға жоспарлаған үш кеменің бірі.
Пайдалануға берілгеннен кейін кеме Каспий теңізінде қазақстан мұнайын тасымалдау жұмысына тартылады.
Танкер жасау жобасын Еуропалық қайта құру және даму банкі қаржыландырады деп күтілуде.

Перейти к новостям спорта