Бурабайда "ХХІ ғасыр балалары : замана және өзіміз туралы диалог" тақырыбында халықаралық саммит басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бурабайда "ХХІ ғасыр балалары : замана және өзіміз туралы диалог" тақырыбында халықаралық саммит басталды

Бурабайда "ХХІ ғасыр балалары : замана және өзіміз туралы диалог" тақырыбында халықаралық саммит басталды

Ақмола облысындағы Бурабай дауажай аймағында "ХХІ ғасыр балалары : замана және өзіміз туралы диалог" тақырыбында халықаралық саммит басталды. ҚР білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлағанындай, форум Қазақстандағы Ресей жылы аясында өткізілуде,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 6 Тамыз 2004
  • 1746
Фото - Caravan.kz

Саммитке барлық ТМД елдерінің қоғамдық жастар ұйымы бірлестіктерінің жетекшілері , мүдделі мемлекеттік мекемелердің өкілдері, ғалымдар мен балалар қозғалысы саласының мамандары қатысуда.

Форумда жастардың қоғам және мемлекет өміріне қатысуы, ХХІ ғасырдағы балаларлың азаматтық құқығы мен бостандығын жүзеге асыру ахуалы және оның болашағы туралы мәселелер сарапқа салынады. Бас қосу аясында балалардың қоғамдық қозғалыстары проблемасы бойынша ғылыми-әдістемелік ақпаратпен алмасып, «Қоғамдық балалар қозғалысы: қазіргі ахуал және ХХІ ғасырдағы даму перспективасы» тақырыбында ғылыми пікірталас пен көптеген кездесулер, конференциялар өткізіледі.
Сондай-ақ, экологиялық десант түсіріп, саммит қонақтарының қатысуымен «Бейбітшілік саябағының» іргетасын қалау көзделіп отыр.

Перейти к новостям спорта