Қазақстанда 3 млн. текше метрден астам тұрғын үйлер мен әлеуметтік және өндірістік маңызы бар 4,8 мың нысан сейсмологиялық күшейтуді талап етеді - ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігінің басшысы - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда 3 млн. текше метрден астам тұрғын үйлер мен әлеуметтік және өндірістік маңызы бар 4,8 мың нысан сейсмологиялық күшейтуді талап етеді - ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігінің басшысы

Қазақстанда 3 млн. текше метрден астам тұрғын үйлер мен әлеуметтік және өндірістік маңызы бар 4,8 мың нысан сейсмологиялық күшейтуді талап етеді - ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігінің басшысы

Қазақстанда 3 млн. текше метрден астам тұрғын үйлер мен әлеуметтік және өндірістік маңызы бар 4,8 мың нысан сейсмологиялық күшейтуді талап етеді. Бұл туралы бүгін, 6-тамызда ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігінің алқа отырысы барысында мекеме басшысы Нұрахмет Бижанов мәлімдеді.

  • 6 Тамыз 2004
  • 432
Фото - Caravan.kz

Агенттік басшысының айтуынша, «жер сілкінісін қысқа мерзімді болжап айту әдістемесі жоқ жағдайда шығынды азайтудың жалғыз әрі әсерлі амалы сейсмологиялық тұрғыда берік ғимараттар салу және оларды сейсмологиялық тұрғыда күшейту болмақ». Н.Бижановтың айтуынша, бұл бағытта мейлінше жоспарлы жұмыстар Алматыда жүзеге асырылуда. Мұнда 2000-2003-жылдар аралығында жалпы аумағы 54,9 мың шаршы метр аумақты алып жатқан 48 нысанды сейсмологиялық тұрғыдан күшейтуге жергілікті бюджеттен 930 млн. теңге бөлінді. Агенттік төрағасының хабарлауынша, олардың арасында 30 мектеп, 13 аурухана және 5 балабақша бар.

«Алайда, республиканың сейсмологиялық қауіпті аймақтарында мұндай шаралар өте баяу қарқынмен жүзеге асырылуда»,- дейді Н.Бижанов. Оның айтуынша, Қазақстандағы сейсмологиялық күшейтуді талап ететін нысандар арасында 605 мектеп, 431 денсаулық сақтау нысаны бар.
Осыған байланысты алқа отырысында Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облысы әкімдеріне нысандардың сейсмологиялық беріктігін тексеруді қысқа мерзімде аяқтауға тапсырма беру жөнінде шешім қабылданды. Осы мәліметтер негізінде нысандарды сейсмикалық күшейту жөніндегі 2004-2010-жылдарға арналған бағдарлама жобасы жасалады. Сондай-ақ, аймақ басшыларына бірінші кезекте әлеуметтік және мәдени маңызы бар ғимараттарды күшейтуге 2004-2005-жылы жергілікті бюджеттен қаржы бөлу мәселесін шешу міндеттелді.

Перейти к новостям спорта