Алматы қалалық СЭС тазалық талабын ұдайы бұзуға байланысты Көк базарды жаппақшы - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы қалалық СЭС тазалық талабын ұдайы бұзуға байланысты Көк базарды жаппақшы

Алматы қалалық СЭС тазалық талабын ұдайы бұзуға байланысты Көк базарды жаппақшы

Алматы қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы тазалық талабын ұдайы бұзуға байланысты қаладағы ең ірі базарлардың бірі - Көк базарды жаппақшы. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Алматы қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының тағам гигиенасы жөніндегі бас маманы Лариса Лян бүгін, 6-тамызда хабарлады. Алматы қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы Алматы қалалық экономикалық сотына базардың жұмысын тоқтату туралы шағым түсірген.

  • 7 Тамыз 2004
  • 777
Фото - Caravan.kz

Шағым түсіруге базарды басқарушы «Достар Маркет» АҚ мен базар қызметкерлері тарапынан тазалық талаптарына бағынбау, сондай-ақ, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының тәртіп сақтау туралы талабын орындамау себеп болған. Л.Лянның айтуынша, бұл шиеленіс бірнеше жылға созылған. Осы уақыт ішінде санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы әшкереленген тәртіп бұзушылық оқиғаларын жою туралы бірнеше талап-хат жолдағанымен, базар басшылығы оған пысқырып та қарамапты.

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының шағымында тәртіп бұзушылық оқиғаларының толық тізімі келтірілген. Атап айтқанда, гигиеналық тазалық талаптарын бұзу, технологиялық жабдықтар мен тоңазытқыштың тапшылығы, азық-түлік өнімдерімен жұмыс істеуге санитарлық кітапшасы жоқ адамдарды жіберу, сапа сертификаты жоқ азық-түлік өнімдерін сату т.т.
Бүгінге дейін аталмыш іс бойынша екі тыңдау өткізілді. «Достар Маркет» АҚ 90 мың теңге мөлшерінде айыппұл төледі.

Перейти к новостям спорта