Бұл туралы ол Facebook желісінде өзіне сұрақ қойған оқырманына жауап берген кезде айтып берді, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
"Маған ештеме істеген жоқ, аға деп сыйлап тұрады. Бірақ қаншама қазақ қыздарына бала туғызып, лақтырып тастап кетіп үлкееен қиянат жасап жатыр! Олар өздеріне қол жұмсаймыз, балаларымызды биік қабат үйден лақтырамыз деп жылап сықтап жүр! Ал бұл болса бұқалығын жасап, сілекейін ағызып Жанат бақсының қасында азбан бұқа болып жүр!! Бұның шатпағын жүз мыңдаған адам тыңдап, пір тұтып жүр. Қазақты бұзып жатыр! Сондықтан жазамын", — деп жауап берді Ахметбек Нұрсила.