Рудныйда болған үш кісінің өліміне қатысты сот отырысы күдіктінің қылмысқа қатыстылығын дәлелдей алмады - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Рудныйда болған үш кісінің өліміне қатысты сот отырысы күдіктінің қылмысқа қатыстылығын дәлелдей алмады

Рудныйда болған үш кісінің өліміне қатысты сот отырысы күдіктінің қылмысқа қатыстылығын дәлелдей алмады

2003-жылдың желтоқсан айында Рудныйда болған үш кісінің өліміне қатысты өткізілген Қостанай облыстық сотының кезекті отырысы белгісіз мерзімге кейінге шегерілді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне облыстық прокуратураның баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 9 Тамыз 2004
  • 449
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, өткен жылдың аяғында Рудныйда үш бірдей кісі өлімі шығып, бір отбасының отағасы, әйелі мен олардың 10 жасар қызын белгісіз қаныпезер дәл бастарынан атып өлтірген болатын. Пәтерден кейбір бағалы заттар мен тұрмыстық техника қолды болған. Қаза тапқан адамдардың мәйіті табылғаннан 2 күннен кейін Рудный полициясы қылмысқа күдікті адам ұсталып, істеген ісін мойындағанын хабарлады. Қаскөйдің қолынан мерт болған отбасының танысы, 25 жастағы Рудный тұрғыны күдікті атанды.

Алайда, алғашқы сот отырысында -ақ күдікті бұл қылмысқа қатысым жоқ, қылмыстық іске арқау болған бұған дейінгі жауаптарды тергеушілердің қысымымен бердім деп мәлімдеді.
Осыған байланысты сот отырысында үзіліс жарияланып, осы мерзімде сотқа қажетті сараптамалар жасалды. Мәселен, қайтадан жүргізілген одорологиялық (иіс зерттеуі) сараптама қорытындысы тергеу кезіндегіден өзгеше болып шыққан. Сарапшылар мұның себебін иістің өзгеруімен түсіндіреді.
Ал күдікті болса сараптамаларды қайтадан өткізуді, соның ішінде тергеу кезінде оған қысым көрсетілу дерегін дәлелдеуді талап етуде.

Перейти к новостям спорта