Туыстар Қутомар ауылынан 6 шақырым жердегі дала қосында шабындықтан кейін шәлкемдесіп қалған. Зейнеткер мен көршілес Көктерек ауылында тұратын 52 жастағы оның туысы мая шөпті бөлісе алмай кикілжіңдескен. Соның салдарынан 12-ші калибрлі тіркелмеген аңшы мылтығын қолына алған зейнеткер туысын дәл іштен атып жіберген.
Жәбірленуші Қостанай облыстық ауруханасының реанимация бөліміне жатқызылды. Дәрігерлер оның жағдайын ауыр деп бағалауда.
Облыстық ІІББ-ның баспасөз орталығынан хабарлағанындай, адамды ауыр жарақаттау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды.