Қазақстанда шетелдік мемлекеттік құнды қағаздардың тұңғыш сауда-саттығы өткізіледі - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда шетелдік мемлекеттік құнды қағаздардың тұңғыш сауда-саттығы өткізіледі

Қазақстанда шетелдік мемлекеттік құнды қағаздардың тұңғыш сауда-саттығы өткізіледі

11-тамыздан бастап Қазақстан қор биржасында РФ қаржы министрлігінің еврооблигациялары сатыла бастайды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Қазақстан қор биржасының (KASE) баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 9 Тамыз 2004
  • 392
Фото - Caravan.kz

Екі эмиссиямен шығарылған Ресейдің мемлекеттік облигацияларын саудаға шығару туралы «ТұранӘлем Секьюритис» АҚ мен «Құнды қағаздардың орталық депозитарийі» ЖАҚ бастама көтерген.

30 және 29,6 жылдық ұзақ мерзімді эмиссиямен шығарылған Ресейдің мемлекеттік сыртқы несиелік облигациясының жалпы көлемі 18 млрд. долларды құрайды.
«ТұранӘлем Секьюритис» АҚ мамандарының айтуынша, айналымдағы еврооблигациялардың қандай бөлігі Қазақстан қор биржасында сатылатындығы туралы болжам айту әзірге ерте. Міндетті котировка көлемі 13,5 мың долларға тең.
Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттық жұмыстарын ұйымдастыру үшін шетелдік мемлекеттік облигацияларды сату орталығы деп аталатын жаңа бөлім құрылды.

Перейти к новостям спорта