Хабарламада атап көрсетілгеніндей, 2004-жылдың 31-шілдесінде «Азаттық» радиосы Чехияның жекелеген басылымдарына сілтеме жасай отырып, Чехиялық Далибор Копп есімді кәсіпкер 1998-жылы «жарты тонна марихуана мен 900 дана Калашников автоматын Алматыдан Чехияға жіберуге әрекет жасады» деген мәлімет таратты.
ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті тарапынан жүргізілген тексеру бұл уәждің жалғандығын дәлелдеп отыр. «Қазспецэкспорт» уәкілетті мемлекеттік кәсіпорны мен аталған Чехиялық азамат арасында қару-жарақ саудасы туралы қандайбір келісім-шарт немесе уағдаластық жасалған емес.
Сондай-ақ, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінен хабарлағанындай, Чехияның мемлекеттік мекемелерінде де Қазақстаннан шыққан қару-жарақ немесе есірткі контрабандасын ұстауға қатысты ақпар болмай шықты.