«Алма теріп, миллион теңге аламын»: Көкшетаулық жігіт Англиядағы жұмысы жайлы - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
+5 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Алма теріп, миллион теңге аламын»: Көкшетаулық жігіт Англиядағы жұмысы жайлы

«Алма теріп, миллион теңге аламын»: Көкшетаулық жігіт Англиядағы жұмысы жайлы

- Шетелге жұмысқа баруға не себеп болды? Қалай кеттіңіз?

- Мен Сағындық Нияз. Көкшетау қаласынан боламын. Жасым 23-те. Шетелге бару, жұмыс жасау, ара

  • 28 Тамыз 2023
  • 2415
Фото - Caravan.kz

Шетеледе жеміс теріп, миллион айлық алып жүрген Көкшетаулық Нияз Сағындықпен  Caravan.kz медиа порталының тілшісі сұхбаттасты. 

— Шетелге жұмысқа баруға не себеп болды? Қалай кеттіңіз?

— Мен Сағындық Нияз. Көкшетау қаласынан боламын. Жасым 23-те. Шетелге бару, жұмыс жасау, аралап, қыдыру арманым болған. Мен қазір Англия мемлекетіне жұмысқа келдім. Жұмысқа сайт толтыру арқылы келдім. Қаңтар айында сайтты толтырып, наурыз айында онлайн сұхбаттан өттім. 12-ші мамырда Англияда жұмыс бар деп айтты. Сөйтіп, барлық құжаттарым дайын болған соң, 12-ші маусымда Англияға ұшып келдім.

— Қандай жұмыс жасайсыз? Құпия болмаса жалақыңыз қанша?

— Англия мемлекетінің Рыньхэн районы, Акчеш деген ауылында егістік бар. Бұл жерде алма, алмұрт, өрік, черешьня тереміз. Осы маңызды 4 жеміс түрі. Жалақы әр жұма сайын 220-230 мың аралығында түседі.

Айлық жалақыны есептегенде 700-900 мың аралығыда болады. Қатты жаңбыр кезде жұмысқа шықпаймыз. Одан бөлек былайғы кезде де жұмыс болмай бос болатын кездер де болады. Сол себепті айлығымыз нақты мынадай сомада деп айта алмаймын. Ал, кей кездері көп жұмыс шыққанда, көбірек алатынымыз да бар. Бір айда миллион жалақы шығады. Ішіп-жем, қыдыру бар дегендей. Осы елге бірінші рет келген соң, Лондонға бардым, қыдырып та үлгеріп жүрмін.

— Елге оралу ойыңызда бар ма? Әлде қалғыңыз келе ме?

— Елге оралу, әрине, ойда бар. Бірақ, кейде қалғым да келеді. Әр елдің салты басқа дегендей. Бұл жақтың адамдары басқаша. Менің қолым, біреуге байқамай тиіп кетсе, ол адам сізден кешірім сұрайды, өте кішіпейіл. Жолдары тар, кішкентай. Соның өзінде бір-біріне жол беріп, кішіпейілділік танытып, әрдайым ризашлық ілтипат көрсетеді.

Бұл жақ өте дамыған мемлекет. Сонысымен мені таңқалдырып, қызықтыруда.


Алты айлық жұмысқа келегн соң, уақытында елге қайтуым керек. Қалып, заңсыз жүру қиындық туғызады. Ең дұрысы, өз уақытымен елге оралып, тағы шақыртумен заңды түрле келегн дұрыс. Әрине, шақырту алу үшін, жақсы жұмыс жасап, тиянақтылық пен ұқыптылықты көрсету керек. Барлық нәрсе еібектенуді талап етеді.

— Өз елімізге қарағанда, өзге елде тұрған қалай?

— Бұл жайында сөз қозғар болсам, өз еліме ештеңе жетпейді. Әрине, арзаншылық бұл жақта, жалақы көп, айтып өткенімдей адамдары мүлдем басқаша. Бірақ, мен өз елімді әрқашан сағынамын, өзге елге ауыстыра алмаймын деп, қысқаша қайырғым келеді.

— Бойдақсыз ба? Шет елден келін әкелу ойыңызда жоқ па?

— Иә, бойдақпын. Жоқ, мүлдем атай көрмеңіз. Өз қазағымның қызын аламын, бұйыртса! Бұл жақтың ментолитеті басқаша. Қазақтың қызына ешкім жетпейді.

— Көп рахмет, Нияз! Табысты болыңыз! Елге абыроймен аман-есен оралуыңызға тілекшіміз!