Оңтүстік Қазақстан облыстық жол полициясы қыркүйектің алғашқы күндерінде күндіз көліктің жарығын өшірмей жүруді сұрайды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Қазақстан облыстық жол полициясы қыркүйектің алғашқы күндерінде күндіз көліктің жарығын өшірмей жүруді сұрайды

Оңтүстік Қазақстан облыстық жол полициясы қыркүйектің алғашқы күндерінде күндіз көліктің жарығын өшірмей жүруді сұрайды

Оңтүстік Қазақстан облыстық жол полициясы басқармасының бастығы Аманқұл Қасымбеков БАҚ арқылы жүргізушілерден қыркүйектің 1 мен 5 аралығында күндіз көліктің жарығын өшірмей жүруді сұрайды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 10 Тамыз 2004
  • 377
Фото - Caravan.kz

Басқарма басшылығының пайымдауынша, каникул кезінде оқушылардың басым бөлігі жолдан өткен кездегі қырағылығынан айрылып қалды. Аталмыш шара балаларға, соның ішінде төменгі сынып оқушыларына жолдың көлік жүретін бөлігінің қаупін ескертуге бағытталады.

Оңтүстік Қазақстан облыстық жол полициясы басқармасының мәліметі бойынша, облыста биыл 290 жол апаты, немесе, жалпы әрбір бесінші оқыс оқиға балалардың қатысуымен тіркелді. Апат салдарынан 30 бала қаза тауып, 281 бала түрлі дәрежелі жарақат алды. Өткен жылғы осы мерзіммен салыстырғанда балаларға қатысты жол апаттары 12 процент артып, апат салдарынан мерт болу көрсеткіші 20 процент, балалардың апат салдарынан мертігу көрсеткіші 11,1 процентке артты.

Перейти к новостям спорта