Орталық сайлау комиссиясының мәліметтеріне жүгінсек, еліміз бойынша бір мандатты округтерде 681 адамның аты ұсынылды. Олардың арасынан 412 адам өз бетімен ат ұсынғандар. , «Отан» партиясынан 64 кандидаттың, «Асар» партиясынан — 42, «Ақ жол» партиясынан- 40, «АИСТ» блогынан — 27, «ҚКП мен Демократиялық таңдау партиясы» блогынан — 38, Демократиялық партиядан — 17, Патриоттар партиясынан — 10, «Ауыл» партиясынан- 8, Халықтық Коммунистік партиядан — 7 , «Руханият» партиясынан — 5 адамның аты ұсынылды.
9-тамыз күнгі жағдаймен 308 адам тіркелді, 11 адам өз кандидатурасын кері қайтарып алды. Кандидаттарды тіркеу 18-тамызға дейін жалғасады.
Бүгінгі жағдаймен Орталық сайлау комиссиясы «Отан», «Асар» , «Ақ жол» , «АИСТ» блогы, «ҚКП мен Демократиялық таңдау партиясы» блогы, «Ауыл» партиясы, Халықтық Коммунистік партиясы мен «Руханияттың» партиялық тізімдерін тіркеді. Демократиялық партия мен Патриоттар партиясының тізімі енді тіркеледі.