Қазақстан экономикасының қарқынды дамуы Германия Федеративтік Республикасының шағын және орта кәсіпорындарының елге келуіне жағдай жасап отыр - Германия экономикасының шығыс комитетінің төрағасы - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан экономикасының қарқынды дамуы Германия Федеративтік Республикасының шағын және орта кәсіпорындарының елге келуіне жағдай жасап отыр - Германия экономикасының шығыс комитетінің төрағасы

Қазақстан экономикасының қарқынды дамуы Германия Федеративтік Республикасының шағын және орта кәсіпорындарының елге келуіне жағдай жасап отыр - Германия экономикасының шығыс комитетінің төрағасы

Қазақстан экономикасының қарқынды дамуы мен шетел инвестициясын кең көлемде тарту Германия Федеративтік Республикасының шағын және орта кәсіпорындарының республика рыногына келуіне қолайлы жағдай туғызып отыр.

  • 10 Тамыз 2004
  • 1757
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін, 10-тамызда Германия экономикасының шығыс комитетінің төрағасы Клаус Мангольд Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесуден кейін пікір білдірді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі республика Елордасынан.

Кездесуде екі ел арасындағы ынтымақтастық нәтижелері мен қарым-қатынасты одан әрі дамыту перспективаларына баса назар аударылды. К.Мангольдтің айтуынша, «2004-жылдың 1-тоқсанында екі ел арасындағы тауар айналымы жоғары қарқынмен өсіп келеді». Атап айтсақ, Қазақстанның мұнайгаз саласына арнап германиялық жабдықтар, ауылшаруашылығы техникасы мен автокөліктер сатып алу жолға қойылды.
Сондай-ақ, кездесуде «мұнайгаз саласындағы ауқымды жобалар, тыңайтқыштар, аммиак және басқа да өнімдер шығару саласындағы жобалар» талқыланды, деді К.Мангольд. Оның айтуынша, аталмыш жобаларды жүзеге асыру үшін Германия жағы ҚР индустрия және сауда министрлігімен және инвестициялар жөніндегі агенттігімен белсенді келіссөздер жүргізбекші.

Перейти к новостям спорта