Елімізде "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" жаңа заңның жобасын жасаушы жұмыс тобы құрылды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізде "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" жаңа заңның жобасын жасаушы жұмыс тобы құрылды

Елімізде "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" жаңа заңның жобасын жасаушы жұмыс тобы құрылды

ҚР ақпарат министрі Алтынбек Сәрсенбаевтың бұйрығымен елімізде "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" жаңа заңның жобасын жасаушы жұмыс тобы құрылды. Осы жөніндегі тиісті бұйрыққа қол қойылғаны туралы мәлімет ҚР ақпарат министрлігінің сайтында жарияланған,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 10 Тамыз 2004
  • 394
Фото - Caravan.kz

Бұл ақпаратқа сәйкес, жұмыс тобы «ақпарат саласындағы заңнамалық базаны одан әрі жетілдіру, «ҚР Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» заңның жалпы демократиялық стандарттар мен республиканың халықаралық міндеттемелеріне сәйкес жаңа жобасын жасау» мақсатында құрылып отыр.

Жұмыс тобына еліміздің танымал қоғам және саяси қайраткерлері, коммерциялық емес ұйымдарының жетекшілері, мемлекеттеік мекемелердің өкілдері, БАҚ жетекшілері, тәуелсіз журналистер мен сарапшылар енген.
Бұдан бырын да хабарлағанымыздай, «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» жаңа заңның жобасын үкімет 2003-жылы жасап, ұзаққа созылған талқылаулардан кейін биылғы жылдың көктемінде парламентте қабылданған болатын. Алайда, ҚР конституциялық кеңесі бұл заңды ата заңға сәйкес емес деп тапты. Кеңес қорытындысымен Елбасы да келісуге байланысты құжат қабылданбай қалды.

Перейти к новостям спорта