Оңтүстік Қазақстан облысына Ауғанстанннан қоныс аударған оралмандар арасынан маляриямен ауырған тағы екі адам анықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Қазақстан облысына Ауғанстанннан қоныс аударған оралмандар арасынан маляриямен ауырған тағы екі адам анықталды

Оңтүстік Қазақстан облысына Ауғанстанннан қоныс аударған оралмандар арасынан маляриямен ауырған тағы екі адам анықталды

Оңтүстік Қазақстан облысының Кентау қаласына Ауғанстанннан қоныс аударған оралмандар арасынан маляриямен ауырған тағы екі адам анықталды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігінің баспасөз қызметінен хабарлады. 25 жастағы жігіт пен 7 жасар қыз бұған дейін Ауғанстанда маляриямен ауырған.

  • 11 Тамыз 2004
  • 522
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Ауғанстаннан қоныс аударған төрт оралман 30-шілдеде «үш күндік малярия рецидиві» деген диагнозбен жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылған болатын. Аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының күшімен 3-5 шақырымдық аймақта ауру ошағы зерттеліп, нәтижесінде малярия жұқтырғыш масалар табылған жоқ.

Ауырған адамдардың туыс-туғандарыынң денсаулығын тексерген кезде 14 жастағы тағы бір ауру жұқтырған бала анықталып, Кентаудағы жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды.
Тәжірибелік және әдістемелік көмек көрсету үшін Кентауға Оңтүстік Қазақстан облыстық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының арнайы тобы жіберілді. Агенттік ақпаратына сәйкес, зерттеулер бірнеше қайта жүргізілуде.

Перейти к новостям спорта