Көрмені Жамбыл атындағы қазақ мемлекеттік филармониясы, «Шоқжұлдыз» МИК, Қастеев атындағы мемлекеттік өнер мұражайы бірлесіп ұйымдастырмақшы.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, «жобаның мақсаты қаладағы адамгершілік-психологиялық ахуалды жақсарту, қаланы көгалдандыру, түрлі өсімдіктер егу, гүлдерден көркем композициялар жасау, гүл шоқтарын өсіру арқылы түрлі қоғам өкілдерін экологиялық және өнегелілік тұрғысынан тәрбиелеу, ең бастысы, ғаламшардағы бір тіршілік иесі ретінде гүлге деген құрметті қалыптастыру болып табылады».
Фестиваль аясында «Сүйікті қаламыздың гүлдері» тақырыбында балалар шығармашылығының көрме-байқауы, шегіргүл және кактус сынды гүлдердің көрме-саудасы өткізіледі. Сондай-ақ, көрме аясында танымал қазақстандық ғалымдар мен фитодизайнерлердің мастер-класс шаралары ұйымдастырылады.
1-қыркүйекте өтетін фестивальдің салтанатты жабылу шарасында қатысушыларға түрлі жүлделер, дипломдар мен сертификаттар табыс етіліп, ҚР мемлекеттік үрмелі аспаптар оркестрі концерт қояды.
Фестивальде жиналған қаржы балалардың онкологиялық клиникасына арнап диагностикалық жабдықтар сатып алу үшін интернационалдық және дипломатиялық әйелдер клубтарына тапсырылады.