Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 7-тамызда №25 түзету мекемесінің күзетінде тұрған 19 жастағы жауынгер қызмет бабына сәйкес берілген 20 оғы бар АК автоматын алып жұмыс орнын тастап кеткен. 8-тамызда ол Старая Черноярка ауылының маңында Павлодарға келе жатқан жерінен ұсталды. Ол өз еркімен қолға түсу үшін оралдым деп мәлімдеді. Қару әскери бөлімшеге қайтарылды.
Қазір әскер полктың гауптвахтасында отыр. ҚР ІІМ-нің Павлодар гарнизоны бойынша әскери-тергеу бөлімі іс материалдарын тексеріп біткенге дейін әскер басқа әскери бөлімшеге ауыстырылады деп күтілуде. Тексеру барысында қатардағы жауынгер психиатриялық сараптамадан өтеді. Әскердің үстінен қылмыстық іс қозғала ма, жоқ па деген мәселе аталмыш сараптамадан кейін шешіледі.
Әзірге Маңғыстау облысында тұратын туыстарыма барып қайтпақшы болдым деп мәлімдеген әскер бөлімшеден қашу дерегін мойындамай отыр.
Соңғы бір жылда аталмыш бөлімшеден осымен үш әскер қашты.