Орталық сайлау комиссиясы Патриоттар партиясының тізімін бекітті - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Орталық сайлау комиссиясы Патриоттар партиясының тізімін бекітті

Орталық сайлау комиссиясы Патриоттар партиясының тізімін бекітті

Орталық сайлау комиссиясы Патриоттар партиясынан парламент мәжілісінің депутаттығынан үміткерлердің тізімін бекітті. Кандидаттардың куәліктері партия жетекшісі Ғани Қасымовқа бүгін, 12-тамызда табыс етілді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 12 Тамыз 2004
  • 521
Фото - Caravan.kz

Тіркеу рәсімінен кейінгі брифингте Ғ.Қасымов партиялық тізім бойынша Қазақстанның Патриоттар партиясынан мәжіліске 7 адам түсетінін атап өтті. «Олардың барлығы да парламентке сайлануы тиіс құрметті адамдар»,- деді ол.

Сондай-ақ, бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Патриоттар партиясы бір мандатты округтер бойынша 51 өкілін додаға қатыстырмақшы. Ғ.Қасымовтың айтуынша, олардың 26-сы тіркеліп үлгерді.
Қазіргі жағдаймен тағы бір саяси бірлестік — Қазақстанның Демократиялық партиясының тізімі тіркеуден өткен жоқ.

Перейти к новостям спорта