Өткен тәулікте елімізде жол апатынан 7 адам қаза тауып, 5 адам жараланды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өткен тәулікте елімізде жол апатынан 7 адам қаза тауып, 5 адам жараланды

Өткен тәулікте елімізде жол апатынан 7 адам қаза тауып, 5 адам жараланды

Өткен тәулікте елімізде жол апатынан 7 адам қаза тауып, 5 адам түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды. Қайтыс болғандар арасында бір бала бар. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 12 Тамыз 2004
  • 449
Фото - Caravan.kz

Астанада «КамАЗ» автокөлігінің жүргізушісі 7 жасар қызды қағып кетті. Бала жарақат салдарынан оқиға орнында мерт болды.

Оңтүстік Қазақстан облысында Шымкент-Диханкөл автожолының 85-шақырымында «Ауди-80» жеңіл автокөлігінің жүргізушісі «ГАЗ-53» жүк көлігімен соғысты. Апат салдарынан «Ауди» жүргізушісі мен оның үш жолаушысы оқиға орнында мерт болып, «ГАЗ-53» жолаушысы ауруханаға түсті.
Жамбыл облысы Тараз қаласында «ВАЗ-2107» автокөлігінің жүргізушісі темір жол өткелегінде ТЭМ-2 маневрлік локомотивімен соғысып қалды. Апат салдарынан жеңіл автокөліктің жүргізушісі түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды. Темір жол қозғалысы тоқтатылған жоқ.
Тараз-Сарыкемер (Жамбыл облысы) автожолының 9-шақырымында «ВАЗ-2109» автокөлігінің жүргізушісі «ВАЗ-2106» автокөлігімен соғысты.
Апат салдарынан «ВАЗ-2106» автокөлігінің бір жолаушысы оқиға орнында қаза тауып, тағы бірі ауруханаға түсті.
Қарағанды облысының Ұлытау ауданында «ГАЗ-2410» жеңіл автокөлігінің жүргізушісі «ЗИЛ-5301» жүк машинасымен соғысты. Апат салдарынан жеңіл автокөліктің жүргізушісі оқиға орнында тіл тартпай кетіп, екі жолаушы ауруханаға жатқызылды.

Перейти к новостям спорта