Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, бұл кездесу 2004-жылдың 29-шілдесінде Баку қаласында Әзербайжан мемлекеттік темір жолы, «Грузин темір жолы» ААҚ, «Қазақстан темір жолы» АҚ-ның «Қазақстан сервис» кәсіпорындары
қол қойған Поти-Беюк Кесик-Баку-Ақтау-Алматы және оған кері бағытта қосымша жүк тасмыалы көлемін арттыру жөніндегі үш жақты хаттамаға және 2004-жылдың 25-26-маусымында Батумиде қол қойылған Румыния темір жолындағы «Марфа» акционерлік қоғамының жеке меншігі» ААҚ, «Грузин темір жолы» мен «Батуми теңіз айлағы» арасындағы хаттамаға сәйкес өткізіледі.
Кездесуге Әзербайжан жағынан темір жол басшысының экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары Игбала Гусейнова басқарған сарапшылар тобы қатысады.
Тараптар өзара пікір алмасып, тиісті құжатқа қол қояды. «Бұл Әзербайжан мемлекеттік темір жолы арқылы жүк тасымалдауға мүдделі клиенттер мен теміржолшылардың кірісін арттыруда маңызды роль атқаруы тиіс»,- дейді баспасөз қызметіндегілер.