Атап айтсақ, В.Храпунов тұрғын үйлердің ауласындағы учаскелердегі автотұрақтардан төлем алу, немесе үйлердің фасадында саяси партиялардың жарнамасын орнатуды ұсынды. «Қажет жағдайда әкімшілік сіздерге үйлердің ауласына кіре берістерде шлагбаум орнатуға рұқсат береді»,- деді әкім.
Аудандарды аралау барысында әкім бұл жолы қалалық бюджеттен аулаішілік аумақтар мен аяқжолдарды жайластыру үшін бөлінген қаржының пайдаланылуын бақылауды көздеген. 2004-жылы бұл мақсатқа 300 млн. теңге бөлінді. Бұл аудандық әкімшіліктерге соңғы 10 жылда аталмыш мақсатқа бөлінген алғашқы трансферт болмақ. Алдағы екі аптада В.Храпунов қала аудандарын осындай тексерумен жаппай аралап шықпақшы.