Қазақстандықтардың 49 проценті мәжіліс сайлауында дауыс бермекші - сауалнама - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандықтардың 49 проценті мәжіліс сайлауында дауыс бермекші - сауалнама

Қазақстандықтардың 49 проценті мәжіліс сайлауында дауыс бермекші - сауалнама

Тамыз айының басында парламент мәжілісінің депутаттарын сайлауға қатысуға түбегейлі шешім қабылдаған қазақстандықтардың саны 48,8 процентке дейін өсті. Қазақстанның әлеуметтанушылары мен саясаттанушыларының қауымдастығы өткізген сауалнама қорытындысы осындай,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 12 Тамыз 2004
  • 589
Фото - Caravan.kz

Сауалнама қорытындысына сәйкес, дауыс беру мәселесі бойынша өз ұстанымын анықтай алмағандар саны 30,3 процентке дейін кеміді (шілде айында 37,4%). Қазақстандықтардың 20,4 проценті сайлауға мүлдем қатыспаймыз деп жауап берген. Бұл көрсеткіш өткен айдағымен салыстырғанда өзгерген жоқ, шілде айында ол 20,8 процент болған. Сөйтіп, тамыз айының басында бір шешімге келе алмай былқылдақтық жасап жүрген сайлаушылардың бір бөлігі дауыс беру жағына қарай ойысып, шілде айындағымен салыстырғанда сайлауға келетіндердің санын 6,9 процентке арттырды.

Сауалнамаға сәйкес, сайлаушылардың дауыс беруге құлықсыздығына әсер етіп отырған басты себептер мыналар көрінеді: сайлаудың пайдалылығына сенбеушілік (24,1%), сайлауға бармауға дағдылану (17,6%), дауыс беру қорытындысының бұрмаланатындығына күдік келтірмеу (16,8%), дауыс беруге қатысудың міндетті емес екеніне сенімділік (15,9%). Әредік парламентке сенбеу (8,7%), электронды дауыс беруге қарсылық (7,3%), сайлауға барудан саналы түрде бас тарту (6,6%) тәрізді себептер де көрініс берген.
Тамыз айының басында сайлауға қатысу туралы шешім қабылдауға қандай себеп әсер етер еді деген сауалға бір ұйғарымға келмегендердің 19,8%-і «кандидаттар мен олардың бағдарламасы туралы БАҚ-тардағы ақпарат», 15,6% — «сайлауға қатысуға шақыру әкелсе барамыз», 13,8% — «кандидаттардың теледидар және радио арқылы сөйлеген сөзі «, 13% — » кандидаттармен жеке таныстық», 12,9% — «бұл отбасымның материалдық ахуалының өзгерісіне байланысты «, 12,8% — «таныстарым мен тустарымның пікіріне құлақ асамын» деп жауап берген.
«Тамыз айының басында республика тұрғындарының сайлаушылық белсенділігінің арта бастауы көңілге сенім ұялатады»,- дейді Қазақстанның әлеуметтанушылары мен саясаттанушылары қауымдастығының сарапшылары. Олардың айтуынша, «мұндай ағым дауыс беру тікелей басталғанға дейін сақталған жағдайда сайлаушылардың 70 процентке жуығы дауыс беруге келеді деп күтуге болады».
Зерттеу жүргізілген сәттегі жағдаймен сауалнамаға қатысқандардың 65,9 проценті тіркеуден өтсе (шілде айындағымен салыстырғанда көрсеткіш 1,2 есе өскен), 34,1 проценті штрих-код алмаған (шілде айында 44,7 процент).

Перейти к новостям спорта