Қостанайда менингитпен ауыру оқиғасы 4 мәрте тіркелді - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қостанайда менингитпен ауыру оқиғасы 4 мәрте тіркелді

Қостанайда менингитпен ауыру оқиғасы 4 мәрте тіркелді

Тамыз айының басынан бері Қостанайда менингитпен ауыру оқиғасы 4 мәрте тіркелді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Қостанай облыстық мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасынан хабарлады.

  • 12 Тамыз 2004
  • 378
Фото - Caravan.kz

Дәрігерлердің айтуынша, менингитпен ауыру оқиғаларының 80 проценті ашық су қоймаларында шомылуға байланысты. Өйткені, ауру микробы лас судың бетінде өсіп-өнеді. Тобыл суынан ауру қоздырғышы табылмағанымен, эпидемиолог дәрігерлер суға шомылудан бас тартуға шақырады.

Басқарманың эпидемиологиялық бөлімінің бастығы Татьяна Кузнецова ата-аналарға балаларының ашық су қоймасында суға шомылуына қатаң тыйым салуға кеңес берді. «Мұндай шара қолдануға республика аумағында менингитке қатысты ахуалдың шиеленісуі басты себеп. Оның үстіне суға шомылу маусымы аяқталып, осы кезеңге тән су бетінің табиғи ластану құбылысы жүруде»,- дейді дәрігерлер.

Перейти к новостям спорта