Жын шығаратын адамға ставка қоюға рұқсат етілген - жын шығарушы - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
+2 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жын шығаратын адамға ставка қоюға рұқсат етілген - жын шығарушы

Жын шығаратын адамға ставка қоюға рұқсат етілген - жын шығарушы

Жын шығарушы Бекжан Әшімов жынның адам бойына кіру жолдары мен жын кірген адамның алғашқы белгілерін айтты. 

  • 6 Қыркүйек 2023
  • 97
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ол Stan.kz YouTube арнасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы,

"Көпшілік жағдайда жын сиқырмен, дуамен кіреді. Мысалы, көре алмайтын адам сиқыр жасайды. Ол оны суға, пирожкиге, шоколадқа оқып беруі мүмкін. Соны адам жеген кезде жын кіреді. Сол жынға колдундар белгілі бір миссия қояды. Екі жасты ажырату болса, әйелінің көзіне күйеуін құбыжық қылып көрсет дейді. Жын кірген адам өмірден түңіле бастайды. Ештеңе қызық емес, тек әліреп жата береді. Жеке қалғанды, қараңғылықты жақсы көреді. Мінезі өзгереді, ашуланшақ болады. Көпшілік жағдайда өлгісі келеді немесе мені біреулер өлтірейін деп жатыр деп себепсіз қорқады. Түнде ұйқысы бұзылып, жиі бастырылып қалады", — дейді ол. 

Маман жын кірген адамға жасалатын емнің бағасы жынның деңгейіне байланысты әртүрлі болатынын да айтты.

"Менде жын шығарудың бір сеансы 20 мың теңге. Шариғатта жалпы жынға, сиқырға қарсы оқитын яғни, дем салушы адамға ставка қоюға рұқсат етілген. 4 мәзһабта да рұқсат. Себебі, ол паралельный әлемге кіргеннен кейін басын бәйгеге тігеді, оңай дүние емес. Сондықтан ол қанша сұраса да біз шектей алмаймыз. Екінің бірі араласып жасайтын дүние емес. Осындай проблемаға душар болдың ба, емделу үшін оның ақысын беруің керек. Әрине,аз сұрамайды. Егер, шынымен дұрыс ем көрсете алатын маман осындай дүние сұраса, бересің. Дұрыс жын шығаратын адам қанша десе де өзі біледі. Бір курс емге 200 мың, 300 мын, 500 мың, 1 миллион сұрауы мүмкін. Бұл да бір рухани операция. Жынның деңгейіне қарай емделу ұзақтығы әртүрлі болады. Біреулер 10 күн, біреулер 1 ай жүреді", — дейді Бекжан Әшімов.