Сондай-ақ, Н.Назарбаев «Афины қаласындағы ХХХҮІІІ Олимпиада ойындарындағы қазақ ауылы» деп аталатын мәдени-ақпараттық орталықта болады деп күтілуде.
Орталық Афины қаласының ең бір көрікті ауданы — Кесенсияда Олимпиада қалашығынан 1 шақырым жердегі қонақүй аумағында орналасқан киіз үйлер кешенінен, павильондар мен декорациялардан құралады. Қазақстанның мәдени-ақпараттық орталығын құру Афиныда өтетін ХХХҮІІІ Олимпиада ойындарына баруды жоспарлаған (2000-дай адам) Қазақстан азаматтары үшін біртұтас үйлестіру орталығын құруға мүмкіндік беріп, отандық БАҚ өкілдері үшін ақпарат орталығына айналмақ. Бұл жерде қазақстандық спортшылар қатысқан сайыстар туралы бүкіл шұғыл ақпараттар жинақталып, одан әрі Қазақстанға жалғастырылмақ. Ал қазақ ауылында Қазақстанның өнер майталмандарының концерттері, ұлттық тағамдардың тұсаукесері, Қазақстан туралы деректі фильмдер мен көркем фильмдердің көрсетілімдері өтеді.