"МАЭК-Қазақатомөнеркәсібі" ЖШС Маңғыстау энергокомбинаты нысандарын қорғаушы өрттен сақтандыру бөлімшесіне 17 млн. теңгенің арнаулы жабдықтары мен киім-кешегін берді - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"МАЭК-Қазақатомөнеркәсібі" ЖШС Маңғыстау энергокомбинаты нысандарын қорғаушы өрттен сақтандыру бөлімшесіне 17 млн. теңгенің арнаулы жабдықтары мен киім-кешегін берді

"МАЭК-Қазақатомөнеркәсібі" ЖШС Маңғыстау энергокомбинаты нысандарын қорғаушы өрттен сақтандыру бөлімшесіне 17 млн. теңгенің арнаулы жабдықтары мен киім-кешегін берді

Екпінді нейтрондармен жұмыс істейтін БН-350 атом реакторының өрт қауіпсіздігі жүйесін жетілдіруге байланысты ТАСИС жобасын жүзеге асыру аясында "МАЭК-Қазақатомөнеркәсібі" ЖШС Маңғыстау энергокомбинаты нысандарын қорғаушы арнаулы бөлімшеге 17 млн. теңгенің арнаулы өрттен сақтандыру жабдықтары мен киім-кешегін берді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне "МАЭК-Қазақатомөнеркәсібі" ЖШС-нің баспасөз хатшысы Қолғанат Нұржаубайұлы хабарлады.

  • 16 Тамыз 2004
  • 854
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, ТАСИС жобасын Еуропалық қоғамдастық қайтарымсыз негізде қаржыландырып отыр.

Қ.Нұржаубайұлының айтуынша, 13-ші арнаулы бөлімшеге өрт сөндірушілерге арналған резина қолғаптар, су шығынын реттеуге мүмкіндік беретін редукторлы су бүріккіш қондырғылар, етіктер, тыныс алу жабдықтары, тез оралатын, соңғы үлгідегі отқа төзімді арқандар берілді.
Сондай-ақ, Еуропалық Қоғамдастықтың көмегімен қазір 13-ші арнаулы бөлімшенің әрбір өрт сөндірушісінде киім сақтайтын жеке шкафтары бар. Әрбір өрттен құтқарушы қажетті құрал-жабдықтармен сақадай-сай қамтамасыз етілді. Бұған дейін бір кезекші бөлімшеден екіншісіне өтіп, әбден тозығы жеткен арнаулы жабдықтардың 10 жиынтығы ғана болған.
Арнаулы өрт бөлімшесі қажетті құрал-жабдықтармен осыдан 6-7 жыл бұрын жарақталған екен.

Перейти к новостям спорта