Сессия жұмысына Әзербайжан, Армения, Беларусь, Грузия, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан және Украиналық өкілдер қатысады. Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, кеңеске қатысушылар жоғарғы қаржылық бақылау органдары іс-қызметінің ашықтығы мен жариялылығы, түрлі билік тармақтарымен өзара ықпалдастық мәселелерін талқылайды.
Сессия жұмысының қорытындысы бойынша жоғарғы қаржылық бақылау органдары іс-қызметінің ашықтығы мен жариялылығы, түрлі билік тармақтарымен өзара ықпалдастығы туралы Кеңес Декларациясы қабылданады. Сондай-ақ, тараптар ТМД-ға қатысушы елдердің жоғарғы қаржылық бақылау органдары тарапынан тиімділікті қадағалауды жүзеге асыру жөніндегі әдістемелік нұсқаулар мен органдар іс-қызметінде қолданылатын терминдер тізімін бекітеді. Бұған қоса сессия ТМД-ға қатысушы елдердің жоғарғы қаржылық бақылау органдары жетекшілерінің кеңесі туралы ережелерге өзгерістер мен толықтырулар енгізеді.