Қазақстандағы сайлауда электронды дауыс беру жүйесін жаппай енгізу Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының алаңдаушылығын тудырмақ - бақылаушылар миссиясының басшысы - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандағы сайлауда  электронды дауыс беру жүйесін жаппай енгізу Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының алаңдаушылығын тудырмақ - бақылаушылар миссиясының басшысы

Қазақстандағы сайлауда электронды дауыс беру жүйесін жаппай енгізу Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының алаңдаушылығын тудырмақ - бақылаушылар миссиясының басшысы

Қазақстандағы алдағы мәжіліс сайлауында электронды дауыс беру жүйесін "жаппай енгізу" Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының алаңдаушылығын тудырмақ. Бұл туралы бүгін, 16-тамызда Алматыда өткізілген баспасөз мәслихатында Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Демократиялық институттар және адам құқығы жөніндегі бюросының сайлауға бақылау жасау жөніндегі миссиясының төрағасы Роберт Бэрри мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 16 Тамыз 2004
  • 762
Фото - Caravan.kz

Р.Бэрри «Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына мүше басқа елдердегідей», электронды дауыс беру жүйесін қолданысқа біртіндеп енгізу қажеттігін тағы бір атап өтті. Елші бұл орайда АҚШ-ты мысалға келтірді. «Бұл елде электронды дауыс беру жүйесін қолданысқа шұғыл енгізу сайлаушыларды бұл жүйеге деген сенімнен айырған». Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының пайымдауынша, бұл жүйеге қатысты бар бүкіл нәрсе ашық болуы тиіс. Сондай-ақ, элктронды дауыс беру жүйесі қоғам тарапынан «қолдау табуы» тиіс.

Елшінің айтуынша, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Демократиялық институттар және адам құқығы жөніндегі бюросы Қазақстандағы сайлауды бақылауға алғаш рет электронды дауыс беру жөніндегі мамандарды жұмылдырғалы отыр. Сондай-ақ, халықаралық бақылаушылар электронды дауыс беру жүйесін алдын-ала іске қосу шарасына қатыспақшы. ҚР Орталық сайлау комиссиясы бұл шараны 16-23- тамыз аралығына межелеген.
Р.Бэрридің айтуынша, сондай-ақ, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Демократиялық институттар және адам құқығы жөніндегі бюросының сайлауға бақылау жасау жөніндегі миссиясы қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдарының сайлау қарсаңындағы жұмысына да баса назар аудармақшы. Бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған жекелеген партияға қатысты ақпарат бір жақты оңды немесе бір жақты теріс сипатта болса, онда бұл «бұқаралық ақпарат құралының сайлау барысын насихаттаудағы сыңаржақ ұстанымын паш етпек». Мұндай ағым ҚР «Сайлау туралы» заңына қайшы болумен шектелмей, республиканың Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына мүшелікке өтуде өзіне жүктеп алған міндеттемелеріне қайшы болмақ.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Демократиялық институттар және адам құқығы жөніндегі бюросының сайлауға бақылау жасау жөніндегі миссиясы өткен аптада Қазақстандағы сайлау барысын ұзақ мерзімді бақылауға алды. Негізгі миссия құрамында 12 адам бар. Бұған қоса, Демократиялық институттар және адам құқығы жөніндегі бюросы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына мүше 9 мемлекеттен ұзақ мерзімді 16 бақылаушыны жіберіп отыр.

Перейти к новостям спорта