ҚР сыртқы саясат мекемесінің басшысы ел үкіметінің атынан «ұйымның өз бағдарламалары мен жобаларын жүзеге асыру арқылы республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан зор үлесі үшін БҰҰ-на ризашылық білдірді»,- делінген хабарламада. Қ.Тоқаев сондай-ақ, БҰҰ жүйесіне қарасты мекемелер мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастықты дамыту мен нығайтуға қосқан Ф.Акчураның жеке үлесі мен ролін жоғары бағалады.
Бұған қоса Қ.Тоқаев БҰҰ-ның мамандандырылған мекемелері, қорлары мен бағдарламалары Қазақстанның әлеуметтік, экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени дамуы үшін жан-жақты ауқымды көмек көрсетіп отырғанын тағы бір атап өтті.
Қ.Тоқаев сондай-ақ, Қазақстан БҰҰ-ның халықаралық қауіпсіздік және мемлекеттердің тұрақты дамуына түрткі болу саласындағы іс-қызметін әрдайым қолдайды деп атап көрсетті.