Оның айтуынша, 2004-жылғы шілде айында қаржы полициясының мекемелері экономикалық сипаттағы 475 қылмысқа тосқауыл қойды . Бұл 2003-жылғы тиісті кезеңнен 2 есе артық. Сондай-ақ, Рустам Ибраимов ортаға салған мәліметке жүгінсек, беті ашылған жалған кәсіпкерлік деректерінің саны артты. 2003-жылғы шілде айында осындай 10 дерек тіркелсе, 2004-жылғы тиісті мерзімде ол 24-ке жеткен. Жемқорлық сипаттағы қылмыстарды әшкерелеу жұмыстарының белсенділігі артты. Соның ішінде қызмет бабын жалған мақсатта пайдалану (8-ден 69-ға дейін), лауазымдық құқығын асыра пайдалану (13-тен 42-ге дейін) және жемқорлық деректерінің саны өсті.
Тұтастай алғанда, 2004-жылдың шілде айында ҚР қаржы полициясы мекемелері 985 қылмысты әшкереледі. Бұл 2003-жылғы тиісті мерзімнен 33 процентке артық, деді Р.Ибраимов.