Вагондағы жүргіншілер дер кезінде басқа жаққа көшірілді. Зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ. Вагон тізбектен бөліп алынып, өрт қаупі жойылды.
Апат зардабын арылтуға 5 адам мен бір арнаулы машина жұмылдырылды. Оқиға орнына өртке қарсы қолданылатын отарба жіберілді.
Вагонды тексеруден кейін поезд бет алған бағытына жүріп кетті. Темір жолдағы қозғалыс қалпына келтірілді.