Қазір айлақтың 254 алаңында пилотты ғарыш кемесін Халықаралық ғарыш станциясына ұшыруға дайындық жұмыстары басталды. «Союз-ТМА-5» ғарыш кемесі Халықаралық ғарыш станциясында 6 айдай жұмыс істеген Геннадий Падалка мен Майкл Финктің орнына 10-шы негізгі экспедиция құрамындағы халықаралық ғарышкерлер экипажын жеткізеді. Экипаж құрамында Ресейлік Сәлижан Шәріпов пен АҚШ-тық NASA ғарышкері Лерой Чиар бар.
«Союз-ТМА-5» пилотты ғарыш кемесін ұшыру 9-қазанға межеленген.
Сондай-ақ, «Байқоңыр» Федералдық ғарыш орталығының баспасөз қызметінен хабарлағанындай, ғарыш айлағына «АМС-15» ғарыш аппараты — АҚШ телекоммуникациялық жер серігі жеткізілді.
95-алаңның монтаждау және сынақ ғимараттарында «АМС-15» ғарыш аппараты мен «Протон» зымыран тасығышын ұышырылымға дайындау жұмыстары басталды. «Протон» зымыран тасығышы «АМС-15» ғарыш аппаратын 15-қыркүйекте жер орбитасына алып ұшады деп жоспарланған.