Үкімет кеңесінде мемлекеттік басқару органдары қызметкерлерінің санын шектеу мәселелері талқыланды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үкімет кеңесінде мемлекеттік басқару органдары қызметкерлерінің  санын шектеу мәселелері талқыланды

Үкімет кеңесінде мемлекеттік басқару органдары қызметкерлерінің санын шектеу мәселелері талқыланды

Бүгін, 17-тамызда үкімет басшысы Даниал Ахметовтың төрағалығымен үкімет кеңесі өтіп, онда мемлекеттік басқару органдары қызметкерлерінің санын шектеу мәселелері талқыланды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне үкімет басшысының баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 17 Тамыз 2004
  • 1015
Фото - Caravan.kz

Экономика және бюджетті жоспарлау министрлігінің басшылығы, мемлекеттік басқару органдары мен басқару деңгейлері арасындағы қызмет және өкілеттілік бөлісу жобасы ескерілген мемлекеттік органдар мен мекемелердегі қызметкерлердің саны бойынша ұсыныстарын үкімет басшысының қарауына ұсынды.

Ұсынылған ақпаратқа түсінініктеме берген Даниал Ахметов жүргізіліп отырған жұмыстар құрылымы мен аппараттағы қызметкерлер саны оңтайлы боп келетін тиімді мемлекеттік басқару жүйесін құру жөніндегі Елбасы тапсырмалары негізге алуы тиіс екенін атап көрсетті. Үкімет басшысы сонымен бірге, экономика министрлігіне бір-бірінің қызметін қайталауға жол бермеу және бюджет қаржысының тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ету үшін жекелеген министрліктер мен ведомстволардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін зерттеу мақсатында қосымша жұмыстар жүргізуді тапсырды.
Кеңес қорытындысы бойынша Даниал Ахметов құжат жобасын жасаушыларға жоғарыда айтылған сын-пікірлерді ескере отырып, үкіметтің талқысына және кейіннен Елбасының қарауына ұсыну үшін, құжатты толықтыру туралы тапсырма берді.

Перейти к новостям спорта