Алматыда АҚШ елшілігі ҚР Қарулы күштеріне бес бірдей арнаулы "Хаммер" автокөлігін табыс етті - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда АҚШ елшілігі ҚР Қарулы күштеріне бес бірдей арнаулы "Хаммер" автокөлігін табыс етті

Алматыда АҚШ елшілігі ҚР Қарулы күштеріне бес бірдей арнаулы "Хаммер" автокөлігін табыс етті

Бүгін, 17-тамызда Алматыда АҚШ қорғаныс министрлігінің халықаралық әскери қаржыландыру бағдарламасына сәйкес ҚР Қарулы күштері ұтқыр күштеріне қарасты қазақстандық "Қазбат" бітімгершілік батальонына бес бірдей арнаулы "Хаммер" автокөлігін табыс ету рәсімі өтті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 17 Тамыз 2004
  • 470
Фото - Caravan.kz

Рәсімде сөз сөйлеген ҚР қорғаныс министрінің орынбасары Болат Сембиновтың айтуынша, бұл бағдарламаны жүзеге асыру Қазақстан қарулы күштерін жаңалап жабдықтау және шауынгерлік шеберлікті жетілдіру жөніндегі жалпы бағдарламаға сәйкес.

Бағдарлама аясында жалпы алғанда ҚР Қарулы күштеріне жауынгерлік, дәрігерлік, штабтық және байланыс машиналары сынды түрлі мақсаттағы 40 «Хаммер» автокөлігі бөлінеді. Көліктер құрастырылып біте сала елге әкелінеді. Қазір «Қазбат» иелігінде осындай үлгідегі әскери көлікке ие.
Сондай-ақ, Б.Сембиновтың хабарлауынша, әскери автокөліктерді техникалық тұрғыда қамтамасыз ету үшін қазір «Хаммер» автокөліктерін жөндеу және техникалық қызмет көрсету жөніндегі орталық құру мәселесі талқылануда. Сондай-ақ, аталмыш көліктерді айдауға машықтандыру үшін қазақстандық мамандар арнайы оқуға АҚШ-қа жіберілді. Олар арнайы лицензия алып қайтады.
АҚШ-тың Орталық Азия аймағындағы әскерилер санын арттыру мүмкіндігі туралы журналистер сауалына жауап берген Б.Сембинов Қазақстан АҚШ секілді әлемнің жетекші елдерімен қарым-қатынасты дәстүрлі дамытып келе жатқанын атап өтті.
Атап айтсақ, өзара ынтымақтастық әскерилерді оқыту, Қазақстанға материалдық ресурстар мен әскери техника беру, «Қазбат» бітімгершілік батальонын АҚШ пен НАТО-ның Ауғанстандағы лаңкестікпен күрес бағыттындағы күш-жігерін қолдау және Ирактағы халықаралық коалиция құрамына қатыстыру бағытында өрбуде. Бұдан өзге ынтымақтастық жобалары әзірге қарастырылмаған.

Перейти к новостям спорта