Орталық сайлау комиссиясы парламент мәжілісінің сайлауына қатысушы саяси бірлестіктердің партиялық тізімін тіркеуді аяқтады - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Орталық сайлау комиссиясы парламент мәжілісінің сайлауына қатысушы саяси бірлестіктердің партиялық тізімін тіркеуді аяқтады

Орталық сайлау комиссиясы парламент мәжілісінің сайлауына қатысушы саяси бірлестіктердің партиялық тізімін тіркеуді аяқтады

ҚР Орталық сайлау комиссиясы парламент мәжілісі депутаттарының сайлауына қатысушы саяси бірлестіктердің партиялық тізімін тіркеуді аяқтады. Бүгін, 18-тамызда Орталық сайлау комиссиясы Қазақстанның демократиялық партиясының партиялық тізімін тіркеді. Үміткерлердің жеке куәліктері мен тіркелу туралы куәлікті партия жетекшісі Мақсұт Нәрікбаевқа ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрайымы Зағипа Балиева табыс етті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі республика Елордасынан.

  • 18 Тамыз 2004
  • 381
Фото - Caravan.kz

Қазақстанның демократиялық партиясының партиялық тізімінде М.Нәрікбаев басқарған 9 адам бар.

Сөйтіп, парламент мәжілісі депутаттарының сайлауына елімізден сегіз партия мен екі блок қатысатын болды.
Ал 19-тамыз күні түн ортасында ҚР Орталық сайлау комиссиясы бір мандатты округтер бойынша мәжіліс депутаттығынан үміткерлерді тіркеуді аяқтайды. 18-тамыз күнгі таңертеңгі жағдаймен өз кандидатурасын ұсынған 681 адамның 592-сі тіркелді. 30 адам үміткерліктен бас тартты.
Еліміздегі мәжіліс сайлауы 19-қыркүйекте өткізіледі.

Перейти к новостям спорта