Бюллетеньдегі тізімге бірінші болып Қазақстанның Халықтық Коммунистік партиясы енді. Бұдан кейінгі рет былайша қалыптасты: Қазақстанның социал-демократиялық «Ауыл» партиясы, «Отан», «Қазақстан Коммунистік Партиясы мен Демократиялық таңдау партиясы» блогы, Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы, «Асар», Еңбекшілердің аграрлық-индустриялық одағы (Аграрлық және Азаматтық партияның блогы), Қазақстанның Патриоттар партиясы, Қазақстанның демократиялық партиясы мен «Руханият» партиясы.
Мәжіліс депутаттарын сайлау 19-қыркүйекке белгіленген.