Оңтүстік Қазақстан облыстық соты округтік сайлау комиссиясының мәжіліс депутаттығынан үміткер Қ.Тұрдыбековты тіркемеу жөніндегі шешімімен келіспеді - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Қазақстан облыстық соты округтік сайлау комиссиясының мәжіліс депутаттығынан үміткер Қ.Тұрдыбековты тіркемеу жөніндегі шешімімен келіспеді

Оңтүстік Қазақстан облыстық соты округтік сайлау комиссиясының мәжіліс депутаттығынан үміткер Қ.Тұрдыбековты тіркемеу жөніндегі шешімімен келіспеді

Оңтүстік Қазақстан облыстық соты округтік сайлау комиссиясының мәжіліс депутаттығынан үміткер Қапалбай Тұрдыбековты тіркемеу жөніндегі шешімімен келіспеді. Кеше, 17-тамызда облыстық сот сайлау комиссиясының шешімінің күшін жойды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне судья Клара Жаппасова хабарлады.

  • 18 Тамыз 2004
  • 513
Фото - Caravan.kz

Сот шешімі Чапаевка ауылының 15 тұрғынынан облыстық сайлау комиссиясына жіберілген шағымдағы деректерді тексерген прокуратура куәгерлерінің жауаптары бір-біріне қарама-қайшы болып шығуына негізделді. Шағымда атап көрсетілгеніндей, ауыл тұрғындарының жиынында Қ.Тұрдыбеков мәжіліс депутаттығынан үміткер ретінде үйлерді көгілдір отын желісіне қосуға арналған алдын-ала төлемнің жартысын өз қалтасынан шығаруға уәде берген.

Ал сот барысында анықталғанындай, хатқа қол қойған екі адам ауыл тұрғындарының жиынына мүлдем қатыспаған болса, қалғандары Қ.Тұрдыбековтың өзін мәжіліс депутаттығынан үміткер ретінде таныстырғанын жоққа шығарған.
Осындай жайттарды ескерген судья К.Жаппасова кандидаттың өз мәртебесін қалпына келтіру жөніндегі шағымын қанағаттандырды.
Ал Қ.Тұрдыбеков сайлауға түсетін округ бойынша депутаттықтан кандидат ретінде тіркелген басқа үміткерлер сот шешімімен келіспей отыр. Олардың пікірінше, тіркеуден кейін Қ.Тұрдыбеков сайлау алдындағы үгіт-насихат жұмыстары ресми түрде басталмай тұрып өзінің лауазымдық құзырын пайдаланып тұрғындардың жиынына қатысуға құқығы болмаған. Алайда, қолданыстағы заңнамаға сәйкес, сот шешімі жария етілген сәттен бастап күшіне енді, оған қарсы аппеляция беру мүмкін емес.

Перейти к новостям спорта