Ә.Бәйменовтың айтуынша, бұл хатқа «»Отан» партиясы мен «Аист» блогынан басқа саяси партиялар түгелдей қол қойды. Хатта теледебаттарды өткізу мерзімін кейінге шегеру туралы өтініш білдірілген». Партиялар теледебаттарды 11-12 және 16-17 қыркүйекте жеке-жеке 2 сағаттан қазақ және орыс тілдерінде өткізуді ұсынып отыр. Ә.Бәйменовтың пікіріне жүгінсек, «тамыз айында теледидар көрермендерінің саны шектеулі».
ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрайымы Зағипа Балиева саяси партиялардың бұл ұсынысы Орталық сайлау комиссиясында арнайы қаралатынын айтты. «Дегенмен, шешім өзгертіледі деп ойламаймын»,- деді ол. Ол Орталық сайлау комиссиясында аймақтардағы сайлаушыларды дайындаудың қатаң кестесі жасалғанын ескертіп өтті. Теледебаттарды өткізуге Орталық сайлау комиссиясы 1 миллион 600 мың теңге қаржы бөліп отыр. «Біз саяси партиялардың эфирге шығу мүмкіндіктерін төрт есе арттырдық»,- деді З.Балиева. Ол сондай-ақ, телевизиялық пікір-сайыстар «Хабар» телеарнасында үстіміздегі жылы тамыздың 20 және 21- інде 19.10-да, «Қазақстан телеарнасында тамыздың 27-28 -інде 19.10-да өткізілетінін хабарлады. Төрайымның айтуынша, пікір-сайыстар Алматыдағы студияда тікелей эфирде өткізіледі. Теледебаттар қазақ және орыс тілдерінде 50 минутқа созылады.
З.Балиеваның айтуынша, Орталық сайлау комиссиясы 30-тамыздан бастап дайындық және сайлаушылар тізімі мәселесімен бірыңғай айналысуы үшін аталмыш күндер алдын-ала ойластырылып таңдалған.
Сонымен қатар, З.Балиеваның хабарлауынша, қоғамдық кеңестің бүгінгі жоспардан тыс отырысында бір мандатты округтер бойынша депутаттықтан үміткерлердің мемлекеттік телеарналар арқылы сөйлейтін сөздеріне белгіленген баға туралы мәселе талқыланады. «Біз ҚР ақпарат министрлігімен келісе отырып, аймақтардағы мемлекеттік телеарналар мемлекеттік бағаға бағынуы тиіс екенін дәлелдеп шықтық»,- деп атап көрсеткен З.Балиева осы орайда аталмыш бағаға сәйкес бір мандатты округтер бойынша депутаттықтан үміткерлердің мемлекеттік телеарналар арқылы сөйлейтін сөздеріне белгіленген баға «4-8 мың теңге аралығында» екенін хабарлады.