ТМД елдері 8 және 9-мамырды халықаралық жады мен жарастық күндері деп жариялауды ұсынуда - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ТМД елдері 8 және 9-мамырды халықаралық  жады мен жарастық күндері деп жариялауды ұсынуда

ТМД елдері 8 және 9-мамырды халықаралық жады мен жарастық күндері деп жариялауды ұсынуда

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы республикалар 8 және 9-мамырды халықаралық жады мен жарастық күндері деп жариялауды ұсынуда. ТМД елдерінің өкілдері БҰҰ-ның Бас ассамблеясына осындай ұсыныспен шықты. БҰҰ-ның бас хатшысы Кофи Аннанның атына жолданған хатта бұл мәселе жайында Бас ассамблеяның алдағы 59-сессиясында талқылау ұсынылды,- деп хабарлайды TRIBUNE-uz тәуелсіз интернет басылымы.

  • 19 Тамыз 2004
  • 429
Фото - Caravan.kz

Халықаралық жады мен жарастық күндері фашистік Германияны тізе бүктірудің 60 жылдық мерейтойына орайластырылуы тиіс. Хат авторларының айтуынша, дүниежүзілік екінші соғыстағы жеңіске әлемнің көптеген елдерінің күшімен қол жеткізіліп, халықаралық қоғамдастықтың тіптен біте қайнасуына түрткі болды. Соның нәтижесінде БҰҰ құрылды.

Қазір ТМД елдерінің басым бөлігінде 9-мамыр Жеңіс күні ретінде атап өтілуде.

Перейти к новостям спорта