Қазақстан, Ресей және Украина президенттері экономика саласындағы ынтымақтастық перспективасын талқылады - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан, Ресей және Украина президенттері экономика саласындағы ынтымақтастық перспективасын талқылады

Қазақстан, Ресей және Украина президенттері экономика саласындағы ынтымақтастық перспективасын талқылады

18-тамызда Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей президенті Владимир Путин телефон арқылы сұхбаттасты. Ресейде жұмыс сапарымен жүрген Украина президенті Леонид Кучма да сұхбатқа араласты. Бұл туралы KZ-today тілшісіне РФ президентінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 19 Тамыз 2004
  • 392
Фото - Caravan.kz

Мемлекет басшылары Ресейдің Украинамен қоса бүкіл ТМД елдерімен өзара сауда-саттықта мұнай мен газдан шикізат жіберілетін елдің принциптері бойынша жанама салық салуға ден қою туралы шешім қабылдауына байланысты экономика саласындағы өзара ықпалдастықты одан әрі дамыту перспективаларын талқылады. Бұл шешім Достастық шеңберіндегі интеграциялық құбылыстарды нығайтуға, Біртұтас Экономикалық Кеңістік құру ісінде ілгерілеушілікке қол жеткізуге түрткі болатыны айтылды.

Біртұтас Экономикалық Кеңістік құру мәселесін президенттер Қазақстанда 2004-жылдың қыркүйек айында өтетін кездесуі барысында егжей-тегжейлі талқыламақшы.

Перейти к новостям спорта