АИСТ блогы саяси партияларды өз үгіт-насихат роликтерін ұлттық телеарналарда көрсетуден бас тартуға шақырды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
АИСТ блогы саяси партияларды өз үгіт-насихат роликтерін ұлттық телеарналарда көрсетуден бас тартуға шақырды

АИСТ блогы саяси партияларды өз үгіт-насихат роликтерін ұлттық телеарналарда көрсетуден бас тартуға шақырды

Аграрлық және Азаматтық партияның сайлау алдындағы АИСТ блогы сайлау науқаны кезеңінде саяси партияларды өздерінің жарнамалық үгіт-насихат роликтерін мемлекеттік бюджетттен қаржыландырылатын "Хабар" және "Қазақстан" секілді ұлттық телеарналарда көрсетуден бас тартуға шақырды. Осындай мәлімдемені бүгін, 19-тамызда Орталық сайлау комиссиясы жетекшілері мен саяси партиялар лидерлерінің кездесуінде Қазақстанның Аграрлық партиясының жетекшісі Ромин Мадинов жария етті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі республика Елордасынан.

  • 19 Тамыз 2004
  • 731
Фото - Caravan.kz

Р.Мадиновтың айтуынша, телеарналардағы жарнамалық үгіт-насихат роликтерін көрсету бағасының әр алуандығы «саяси партиялардың үгіт-насихат жұмыстарына бірдей жағдай тудырмай отыр». Бұған мысал ретінде ол НТК телеарнасын атады. «Бұл арнада 30 секундтық роликті көрсету құны жұмыс күндері 32 -63 мың теңге аралығында, ал «Хабар» және «Еларна» телеарналарында бұл баға 112-202 мың теңгеге жетеді»,- деді ол. «Ал демалыс күндері баға тіптен аспандап шыға келеді»,- деді партия жетекшісі.

Осыған байланысты АИСТ блогы жетекшілерінің пайымдауынша, «эфирден берілген бұл уақытты тұрғындардың саяси мәдениетін арттыруға, сайлау туралы заңнама мен дауыс беру барысын түсіндіруге, сондай-ақ, халықтың сайлаушылық белсенділігін арттыруға бағытталған ҚР Орталық сайлау комиссиясының бейнематериалдарын көрсету мақсатында пайдаланудың маңызы зор».
Сондай-ақ, мәлімдемеде «бір мандатты округтер бойынша мәжіліс депутаттығынан үміткерлерді , сондай-ақ, партиялық тізім бойынша додаға түсуші, мемлекеттік қызмет саласында жоғары лауазым иемденетіндерді қызмет мәртебесіне қарамастан, сайлау алдындағы науқан барысында кәсіби міндеттерін атқаруды доғарып, демалысқа кетуге үндеген» өтініш бар. «Біздің пайымдауымызша, бұл сайлау науқанына қатысушыларға бірдей жағдай жасайтын әділетті қадам»,- деді Р.Мадинов.
Мәлімдеме мәтіні ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрайымы Зағипа Балиеваға табыс етілді. Р.Мадинов сондай-ақ, Орталық сайлау комиссиясының төрайымынан үгіт-насихат материалдарын «Хабар» және «Қазақстан» секілді ұлттық телеарналарда көрсетуге мораторий жариялау туралы шешім қабылдауды өтінді. Бұл мәселе бойынша Орталық сайлау комиссиясы өз шешімін түстен кейін жария етеді.

Перейти к новостям спорта