Алматыда бір депутаттық орынға 14,8 адам таласуда - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда бір депутаттық орынға 14,8 адам таласуда

Алматыда бір депутаттық орынға 14,8 адам таласуда

Парламент мәжілісі депутаттарының сайлауына Алматы қаласындағы 5 сайлау округі бойынша 81 адамның аты ұсынылып, 74 адам тіркелді. Үш адам додаға түсуден бас тартса, бірқатар құжаттары болмауға байланысты тағы 4 адамды тіркеуден бас тартылды. Сөйтіп, қалада бір депутаттық орынға 14,8 адам таласуда. Бұл туралы саяси партиялар мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне арналған баспасөз мәслихатында қалалық сайлау комиссиясының өкілдері хабарлады.

  • 19 Тамыз 2004
  • 454
Фото - Caravan.kz

Қалалық сайлау комиссиясының мәліметі бойынша, тіркелген үміткерлер арасынан 40 үміткер өз бетімен ат ұсынса, 34 адам түрлі саяси партиялардың өкілдері. Үміткерлердің басым бөлігі, немесе 60-ы ер адамдар. 71 үміткер жоғары білім игерген. Кандидаттардың орташа жасы — 50.

Қостанай облысында бір мандатты төрт округ бойынша 29 үміткер тіркелді. Облыстық сайлау комиссиясының төрайымы Антонина Маркованың айтуынша, депутаттықтан үміткерлердің 19-ы ер, 10-ы әйел адамдар. Ең балаңы 34, ең қариясы 68 жаста.
Алматы облысында жеті депутаттық орынға 55 адам таласуда. Орталық сайлау комиссиясының Алматы облысы бойынша өкілі Нұрқас Керімқұловтың KZ-today тілшісіне хабарлауынша, 18 адам саяси партиялардың өкілдері болса, 37 адам өз бетімен додаға түсетіндер. Мәжілістегі орын үшін мемлекеттік мекемелер мен әкімшілік өкілдері, мәслихат депутаттары, коммерциялық ұйымдардың қызметкерлері, заңгерлер, журналистер мен қазіргі парламент депутаттары таласпақшы.

Перейти к новостям спорта