Кешегі аукционда Қазақстанның мемлекеттік құнды қағаздары эмиссиясының көлемі 9,1 млрд. теңгеге дейін өсті - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Кешегі аукционда Қазақстанның мемлекеттік құнды қағаздары эмиссиясының көлемі 9,1 млрд. теңгеге дейін өсті

Кешегі аукционда Қазақстанның мемлекеттік құнды қағаздары эмиссиясының көлемі 9,1 млрд. теңгеге дейін өсті

ҚР қаржы министрлігінің мемлекеттік купондық облигацияларын қосымша шығару арқылы алты жылдық МЕОҚАМ эмиссиясының кезекті көлемі алғашқы жарияланған 5 млрд. теңге көлемінен 9,125 млрд. теңгеге жетті. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 19 Тамыз 2004
  • 475
Фото - Caravan.kz

Мемлекеттік купонды облигацияларға номалдық құны бойынша сұраныс көлемі 15,4 млрд. теңгеден асты (құнды қағаздардың номиналдық құны бір қағаз үшін 1000 теңгені құрайды). Нәтижесінде 9 125 000 бағалы қағаз сатылды.

МЕОҚАМ-ның кірістілік көрсеткіші жылдық 5,80 процентке тең.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, бұл жолғы құнды қағаздар эмиссиясы 2010-жылдың 18-тамызында өтелуі тиіс. Ал алғашқы сыйақы 2005-жылдың 17-ақпанында төленеді.

Перейти к новостям спорта