Солтүстік Қазақстан облысындағы кеден бекетінде ірі көлемде героин партиясы тәркіленді - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Солтүстік Қазақстан облысындағы кеден бекетінде ірі көлемде героин партиясы тәркіленді

Солтүстік Қазақстан облысындағы кеден бекетінде ірі көлемде героин партиясы тәркіленді

2004-жылдың 15-тамызында республикалық шұғыл алдын алу мақсатындағы "Мак-2004" шарасы аясында Солтүстік Қазақстан облыстық кеденшілер облыстық ІІБ есірткі саудасымен күрес басқармасының тәртіп сақшыларымен бірге 1,9 кило героин партиясын тәркіледі. Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облыстық ІІББ-ның баспасөз қызметінен KZ-today тілшісіне хабарлады.

  • 19 Тамыз 2004
  • 345
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес, «Жаңажол» кеден бекетінде «Бішкек-Екатеринбург» бағыттында қатынайтын автобуспен келе жатқан Тәжікстан Республикасының азаматы кеденшілер назарына іліккен. Тексеру кезінде оның сөмкесінің құпия қалталарының бірінен ақ түсті ұнтағы бар орама табылған.

Сараптама нәтижесінде ол героин екені анықталды.
Белгілі болғанындай, 43 жастағы Душанбе тұрғыны 500 доллар алу үшін есірткіні Ресейге алып өтпек болған. Солтүстік Қазақстан облыстық ІІББ-ның баспасөз қызметінен хабарлағанындай, «тұтқын бұған дейін де есірткі сақтағаны үшін сотталған».
Осы дерек бойынша Солтүстік Қазақстан облыстық ІІББ екі қалмыстық іс қозғады. Тергеу амалдары жалғасуда.

Перейти к новостям спорта