Екі күндік тренингті АҚШ-тың халықаралық даму жөніндегі Агенттігінің қолдауымен Сорос Қорының Ашық Қоғам Институттарының халықаралық Альянсы ұйымдастырды. Тренинг барысында Орталық Азия республикаларынан келген 20 шақты журналист аймақтық БАҚ-тардың нашақорлық проблемасын баяндауы туралы талқылауда.
Тренер Дэниэл Вульфтің айтуынша, қазір аймақта есірткі тұтыну ағымының арта түсуі қиындықты тіптен қоюлата түсуде. Мәселен, Өзбекстанда есірткіге тәуелді 22 мың адам ресми тіркелген (ал БҰҰ-ның бағалауынша, 90 мың), олардың тең жартысы ВИЧ індетін жұқтырғандар. БҰҰ-ның есірткі және қылмыс басқармасының бағалауынша, Тәжікстанда есірткіге тәуелді 50 мың адам бар. Мамандар тағы бір проблема ретінде қоғамның есірткіге тәуелділерді сыртқа тебуін атап отыр.
Кездесуге қатысқан журналистер есірткі, есірткіге тәуелділік және есірткі тасымалына қатысты мәселелерді БАҚ арқылы баяндау төңірегінде тәжірибе алмасты.