Қазақстандықтардың 57 проценті мәжіліс сайлауында дауыс беру туралы түбегейлі шешім қабылдады - сауалнама - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандықтардың 57 проценті мәжіліс сайлауында дауыс беру туралы түбегейлі шешім қабылдады - сауалнама

Қазақстандықтардың 57 проценті мәжіліс сайлауында дауыс беру туралы түбегейлі шешім қабылдады - сауалнама

Қазақстандықтардың 57 проценті мәжіліс сайлауында дауыс беру туралы түбегейлі шешім қабылдады, 23%-тен астамы дауыс беруге құлықсыз, 19%-і шешім қабылдамаған. Қазақстанның әлеуметтанушылары мен саясаттанушыларының қауымдастығы өткізген сауалнама қорытындысы осындай,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 20 Тамыз 2004
  • 698
Фото - Caravan.kz

Әлеуметтанушылар мен саясаттанушылар қауымдастығы сауалнама нәтижесіне негіздей отырып «19-қыркүйекте сайлау учаскелеріне келетін сайлаушылар саны 54,4%-тен 60,4% аралығында болуы мүмкін» деген тұжырым жасады.

Сауалнамаға сәйкес, сайлаушылардың дауыс беруге құлықсыздығына әсер етіп отырған басты себептер мыналар көрінеді: сайлаудың пайдалылығына сенбеушілік (7,7%), сайлауға бармауға дағдылану (6,8%), дауыс беру қорытындысының бұрмаланатындығына күдік келтірмеу (5%), өз дауысының пайдасы жоқтығына сенімділік (4,7%), парламентке сенбеу (2,6%), электронды дауыс беруге қарсылық (7,3%), отбасындағы дағдарысты ахуалға байланысты сайлауға барудан саналы түрде бас тарту (1,9%) тәрізді себептер де көрініс берген.
Сайлауға қатысу туралы шешім қабылдауға қандай себеп әсер етер еді деген сауалға бір ұйғарымға келмегендердің 5,4%-і «кандидаттар мен олардың бағдарламасы туралы БАҚ-тардағы ақпарат», 7,4% — «сайлауға қатысуға шақыру әкелсе барамыз», 4,8% — «кандидаттардың теледидар және радио арқылы сөйлеген сөзі «, 4,1% — » кандидаттармен кездесулер», 3,8% — «таныстарым мен тустарымның пікіріне құлақ асамын», 3,2%-і «кандидаттар туралы жарнама» деп жауап берген.
Сайлау алдындағы үгіт-насихат жұмыстарының басталуы нәтижесінде «сайлауға қатысу, немесе қатыспау туралы түбегейлі шешім қабылдай алмағандар саны анағұрлым азаяды» деп күтуде.

Перейти к новостям спорта