Өзбекстандағы лаңкестік әрекетті ұйымдастырды деп айыпталғандар 30-шілдедегі жарылысты жүзеге асырған жанкештілердің бірі Қазақстан азаматы деген уәж айтуда - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өзбекстандағы лаңкестік әрекетті ұйымдастырды деп айыпталғандар 30-шілдедегі жарылысты жүзеге асырған жанкештілердің бірі Қазақстан азаматы деген уәж айтуда

Өзбекстандағы лаңкестік әрекетті ұйымдастырды деп айыпталғандар 30-шілдедегі жарылысты жүзеге асырған жанкештілердің бірі Қазақстан азаматы деген уәж айтуда

30-шілдеде Өзбекстан бас прокуратурасының ғимаратында өз-өзін жарып жіберген лаңкес Қазақстан азаматы болатын. Бұл туралы биылғы көктемде Өзбекстандағы лаңкестік әрекетті ұйымдастырды деп айыпталған екі күдікті Өзбекстан жоғарғы сотында өткен сот процессі барысында мәлімдеді,- деп хабарлайды Фергана.Ру интернет басылымы.

  • 20 Тамыз 2004
  • 428
Фото - Caravan.kz

Басылымның хабарлауынша, Фуркат Юсупов пен Абдунасыр Зульфикаров есімді айыпталушылардың айтуынша, 30-шілдеде Өзбекстан бас прокуратурасының ғимаратында өзін-өзі жарып жіберген лаңкес олардың тобына енетін Аваз Шоюсупов есімді Қазақстан азаматы болатын. Олар әлгі адамның сотта көрсетілген суретін таныды. Сондай-ақ, оның Қазақстан төлқұжатының суреті де көрсетілді.

Фергана.Ру басылымының осы орайда атап көрсетуінше, «Бұған дейін де бірнеше сотталғандардың жауабынан Қазақстан туралы естілген. Ташкентте лаңкестік әрекеттердің екінші сериясы басталмай тұрып-ақ олар сот процессінде Пәкістанның Оңтүстік Вазиристан провинциясындағы арнаулы лагерьлерде және көршілес Қазақстанда диверсиялық дайындықтан өттік деп мәлімдеген. Олардың айтуынша, оқыту жұмыстарын араб жаттықтырушылары өткізсе, жалпы процессті «Аль-Каида» үшін содырлар дайындайтын молла Омар басқарған-мыс. Олардың айтуынша, Қазақстанның оңтүстік бөлігіндегі лагерьлер жауынгерлерді Әзербайжан мен Иран арқылы Пәкістанға шығару үшін пайдаланылған»,- дейді. Ол кезде Қазақстанның ресми тұлғалары «Оңтүстік Қазақстан аумағында содырлар дайындайтын лагерьлер болған емес, қазір де жоқ деп мәлімдеген».
Ал интернет-басылымның жорамалына сүйенсек, «Өзбекстандағы оқиғаларға Қазақстанның тікелей қатысы бар». «Бір ішкі істер қызметкерінің құпиялық шартымен журналистерге хабарлауынша, көктемгі лаңкестік әрекеттерден кейін сәуір айында Аваз Шоюсупов Қазақстанда қолға түскен. Өзбекстан бас прокуратурасы оны елге экстрадициялау туралы өтініш жіберген. Бірақ қазақстан жағы оны қайтарып беруден бас тартты». «Кешікпей бостандыққа жіберілген ол Өзбекстан аумағына келіп, Өзбекстан бас прокуратурасының ғимаратында өзін-өзі жарып жіберді»,- дейді басылым.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, биылғы жылдың наурыз және сәуір айларында Ташкентте, Ташкент және Бұхара аудандарында болған жарылыстар топтамасынан 46 адам мерт болған. 30-шілдедегі Ташкентте лаңкес-жанкештілер АҚШ пен Израиль елшіліктері мен Өзбекстан бас прокуратурасының ғимаратында өз өмірлерін қиды. Лаңкестік әрекеттен 4 адам мерт болып, 8 адам жараланды.

Перейти к новостям спорта