2007-жылдың 7 айында Алматыда 212 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2007-жылдың 7 айында Алматыда 212 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді

2007-жылдың 7 айында Алматыда 212 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді

2007-жылдың 7 айында Алматыда 212 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл 2003-жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 18 процентке артық. Бұл туралы Алматы қалалық әкімшілігінің құрылыс департаментінің бастығы Мазан Серғазин әкімшілікте бүгін, 20-тамызда өткен кеңесте хабарлады.

  • 20 Тамыз 2004
  • 533
Фото - Caravan.kz

Құрылыс саласына жұмсалған жалпы инвестиция көлемі 2 млрд. теңгені құрады. Ал биылғы жыл соңына дейін бұл көрсеткіш 5 млрд. теңгеден асады деп күтілуде. Сөйтіп, М.Серғазиннің айтуынша, 2004-жылдың мамыр айында бекітілген тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007-жылдарға арналған қалалық бағдарламасын жүзеге асыруға мүмкіндік толық. Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, аталмыш бағдарламаға сәйкес алдағы төрт жылда 2004-жылды қоса есептегенде 2,12 млн. шаршы метр тұрғын үй салу көзделген. Соның ішінде 382,3 мың шаршы метр тұрғын үй ипотека, 24,3 мың шаршы метр коммуналдық тұрғын үй республикалық бюджет , 88,5 мың шаршы метр коммуналдық тұрғын үй жергілікті бюджет, 45,6 мың шаршы метр тұрғын үй тұрғын үй жинақ ақша банкінің несиелері, 515,8 мың шаршы метр тұрғын үй жеке меншік үй салушылар есебінен салынбақшы. Олардың жартысы, немесе 1 млн. шаршы метр тұрғын үйді құрылыс компаниялары сату мақсатымен салады. Ипотекалық жүйе арқылы сатылуға тиіс алғашқы үйлер 2005-жылдың 1-тоқсанында пайдалануға беріледі.

М.Серғазиннің айтуынша, Алматыда тұрғын үй салуға арналған бос жер учаскесі мүлдем дерлік қалған жоқ. Осыған байланысты қалада 1930- 50-жылдары салынған арзан үйлерді, соның ішінде екі қабатты үйлерді бұзу ағымы белең алды. «Бұл Алматыда жер учаскелеріне деген сұраныстың арта түскенінің белгісі»,- деді департамент басшысы. Бірінші кезекте, жалпы аумағы 2,6 млн. шаршы метрді құрайтын 40 мың пәтерлі 1300-дей каркасты-қамыс үйлер бұзылады деп жоспарланған.
Дегенмен, бүгінде қала инфрақұрылымының резерві толық игерілді деуге болады. Мәселен, электр және жылу қамтамасыздығы жүйесінде артық қуат қалған жоқ. Осыған байланысты қаладағы коммуналдық кәсіпорындар өз қуатын басым жылдамдықпен арттыруы тиіс. Тиісті даму жоспары 2004-жылғы күзде дайын болады.

Перейти к новостям спорта